Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру үшін заңнамалық өзгерістер әзірленді
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халық үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар заңнамалық өзгеріс әзірледі. Жаңа түзетулер ішкі сауда қағидаларын жетілдіруге, жеткізу тізбегіндегі артық делдалдарды қысқартуға, сауда үстемесін қалыптастыру тетігін қайта қарауға және отандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, сауда заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңартылған тізбесі бекітілді. Қабылданып жатқан шаралар бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ернұр Жәутікбаев,ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы:
Мемлекеттік бақылауды күшейту және өңірлік комиссиялардың қызметін тиімді үйлестірудің нәтижесінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің өсу қарқыны шамамен төрт есеге төмендеп, 7,5%-дан 1,9%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, жылдық азық-түлік инфляциясы қатарынан бесінші ай бойы тұрақты түрде баяулап, мамыр айының қорытындысы бойынша 10,7%-ды құрады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17