Жаңа Зеландияда алапат дауыл соғып, 200 әуе рейсі доғарылды
Жаңа Зеландияның орталығына алапат дауыл соққы берді. Сұрапыл желдің екпінінен ағаштар құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Сонымен қатар, мемлекет астанасы Веллингтон әуежайында 200-дей рейс доғарылды. Жаңа Зеландия ұлттық метеорологиялық қызметі болса, ауа райының күрт нашарлайтынын ескертіп, бірнеше рет хабарлама таратты. Соңғы мәліметке қарағанда, 3 мыңдай абонентке жарық қайта берілді. Дегенмен, жергілікті энергетикалық компания 4 мыңдай тұтынушының электр желісіне әлі қосылмағанын мәлімдеп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02