Испанияда орман өртімен күреске әскер жұмылдырылды
Испанияның Уэска провинциясында орман өрті қаулап барады. Лапылдаған жалынды сөндіруге армия жауынгерлері тартылып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, кемінде мың гектар жасыл желек күлге айналған. Орман өрті елде ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілген шақта басталды. Жергілікті үкімет тілсіз жаудан төнген қауіпке байланысты екінші дәрежелі төтенше жағдай режимін жариялады. Әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ. Үш ауданда жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05