Түркияда терминдерді біріздендіру мәселесі талқыланды
Түркітілдес мемлекеттер әр салада терминологияны біріздендіру арқылы өзара ықпалдастықты тереңдете түспек. Ыстанбұл қаласында бас қосқан түркиялық және отандық ғалымдар құқықтану саласындағы терминдер мен ұғымдарды біріздендіру мәселесін талқылады. Ғалымдар қолданыстағы терминдердің көпшілігі өткен ғасырда батыс мектебі қалыптастырған түсініктер екенін тілге тиек етті. Сондықтан өз ұғымымызға сай құқықтық терминдер қалыптастыру азаматтардың заңдарды дұрыс түсінуіне ықпал ететінін айтты. Бұл ретте түркітілдес елдер бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, ортақ терминология қалыптастыруы бауырлас елдер арасындағы байланысты нығайта түсетінін сөзсіз дейді мамандар.
Шолпан Мәлікова, Нархоз университеті, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры:
Бұл жиын жалпы түркі мемлекеттері арасында ғалымдардың өзара пікірталасы және заңнамалық терминологияға қатысты көзқарастарына байланысты мемлекеттердің академиялық ғылыми байланысын нығайтатын алаң болып табылады. Яғни бұл үлкен жоба ҚР қылмыстық құқық ғылымындағы мәтіндердің лингвистикалық түпнұсқалығы және олардың үйлесімділігі атты үлкен жоба іске асырылуда. Бұл жобаға Нархоз университетінің ғалымдарымен қатар Ыстанбұл университеті ғалымдары да қатысып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы