Басты Жаңалықтар Астанада қаржыгерлер форумы басталды

Астанада қаржыгерлер форумы басталды

Астанада қаржыгерлер форумы басталды

Астанада қаржыгерлер форумы басталды. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға республиканың әр аймағынан үздік жас мамандар жиналды. 

Бүгінде елде төрт деңгейлі бюджет жүйесі жұмыс істейді. Әр тиынның тиімді игерілуін 2,5 мыңға жуық қызметкері бар Қазынашылық комитеті бақылайды. Кәсіби мерекеге орай бүгін осы ұжымдағы үздік жас мамандар елорда төріне жиналып, марапат алды.

Марат Нұршайық, Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманы:

Күтпеген сезім. Қуанып тұрмын. Еңбегіміз ақталды. Мұны жастарды қолдау деп білеміз. Мемлекеттік қызмет – елге қызмет. Бұл жолды саналы түрде кішкентайымнан таңдадым. Қазынашылық – бұл өте жауапты сала. Бюджетті үйлестіру.

Жас мамандарға экономика ғылымдарының докторлары, профессорлар дәріс оқыды. Салаға IT технологияларды енгізудің қыр-сырын айтып берді. Мемлекеттік қазынашылық жүйесі былтыр халықаралық ISO стандартына көшкен. Бұл қаржылық хабарламаларды халықаралық талаптарға сай етіп, төлемдерді өңдеу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Осылайша, енді қазынашылар жүргізген есепте қате мүлде болмайды. Демек, бюджет қаржысының қайда жұмсалып жатқаны майшаммен қаралады.

Әли Сабыржан, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Негізі қаржы мамандығы өте өзгеше басқа салаға қарағанда. Инфляция болсын, теңгенің тұрақтылығы, монетарлық саясатты білуді талап етеді. Экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда нақтылықты талап етеді.

Қазақстанда салық органдарын қайта құру 90-жылдардың басында нарықтық экономикаға көшетін кезде қолға алынғаны мәлім. Енді ғана тәуелсіздік алған уақытта экономикалық дағдарыс күшейіп, инфляция бір жыл ішінде 2000%-ға жетті. Жағдайды реттейтін заңды жасақтауға қаржыгерлердің қосқан үлесі көп. Бұл ретте бүгінгідей форумдардың маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.


Бөлісу