Қазақстан мен Корея мәдениеті тоғысқан фестиваль басталды
Алматыда Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени және іскерлік байланысты нығайтуға арналған фестиваль басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Қазақстандағы корей қауымының 90 жылдығына арналып отыр. Оның аясындағы алғашқы кеште Республика сарайының сахнасында «Өткеннің жаңғырығы – бүгіннің үні» атты мерекелік концерт өтеді. Бағдарламада корей театрының арнайы қойылымы, шығармашылық ұжымдардың өнері мен мәдени композициялар көрермен назарына ұсынылмақ.
Ку Бон Чхоль, Корей мәдени орталығының директоры:
Мәдени апталықтың екінші күні еліміздің әр өңірінен келген жастар бақ сынайтын K-POP Cover Dance Championship республикалық финалы ұйымдастырылады. Ал қорытынды гала-концертте кореялық TIOT және қазақстандық ALPHA топтары өнер көрсетеді. Біз бұл іс-шара екі ел халқының өзара түсіністігін арттырып, мәдени және экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28