Президент бірнеше нысанды аралады
Президент Щучинск қаласындағы экосаябаққа барды. Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды. Президент кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Кездесуде өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде де есеп берілді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17