Астанада қаржыгерлер форумы басталды
Астанада қаржыгерлер форумы басталды. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға республиканың әр аймағынан үздік жас мамандар жиналды. Жанел Нұрболатқызы тарқатады.
Марат Нұршайық – жас қаржыгер. Мемлекеттік қызметші болуды бала күнінен мақсат еткен ол қазір облыстық қазынашылық департаментінде жұмыс істейді. Бүгін Астанада өтіп жатқан Қаржыгерлер форумына біліктілігін арттыру үшін келген.
Марат Нұршайық, Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманы:
Мемлекеттік қызмет – елге қызмет. Бұл жолды саналы түрде кішкентайымнан таңдадым. Қазынашылық бұл өте жауапты сала. Бюджетті үйлестіру.
Жас мамандарға экономика ғылымдарының докторлары, профессорлар дәріс оқыды. Форумда IT технологиялар да сөз болды. Мемлекеттік қазынашылық жүйесі былтыр әлемдік ISO стандартына көшкен. Бұл қаржылық хабарламаларды халықаралық талаптарға сай етіп, төлемдерді өңдеу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Осылайша, енді қазынашылар жүргізген есепте қате мүлде болмайды. Демек, бюджет қаржысының қайда жұмсалып жатқаны майшаммен қаралады.
Әли Сабыржан, Экономика ғылымдарының докторы, профессор:
Негізі қаржы мамандығы өте өзгеше басқа салаға қарағанда. Инфляция болсын, теңгенің тұрақтылығы, монитарлық саясатты білуді талап етеді. Экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда нақтылықты талап етеді.
Қазынашы – аса жауапты әрі күрделі қызмет. Бюджеттің тиімді игерілуін тексеру, әр тиынның есебін түгендеу оңай шаруа емес. Қазақстанда салық органдарын қайта құру 90-жылдардың басында нарықтық экономикаға көшетін кезде қолға алынғаны мәлім. Енді ғана тәуелсіздік алған уақыта экономикалық дағдарыс күшейіп, инфляция бір жыл ішінде 2000%-ға жетті. Жағдайды реттейтін заңды жасақтауға қаржыгерлердің қосқан үлесі көп. Бұл ретте бүгінгідей форумның маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.
Саламат Бейсе, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік Қазынашылық комитетінің басқарма басшысы:
Жаңа Конситуция және 23 маусым күні болған мемлекеттік қызметкер күніне орай ұйымдастырылған іс-щшара бұл. Білікті, білімді, өз саласының мамандарын, жас болса да, бас боп жүрген жастарды іріктеп, форумға шақырып отырмыз.
Қазір республика бойынша қазынашылық комитетінде 2 жарым мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Кәсіби мерекеге орай бүгін осы ұжымдағы үздік мамандар елорда төрінде марапат алып, құрметке бөленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы