Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
Жоғары оқу орнына Ұлттық бірыңғай тесттен де, ақылы негізде де өте алмаған кей абитуриент бір семестрден кейін тымпиып студент болып жүретінін білесіз бе? Оп-оңай схеманы Мәжіліс депутаты А. Аймағамбетов түсіндіріп берген: жаңағыдай еш сынақтан өте алмаған талапкер кез келген шетелдік оқу орнының филиалына түседі.
Қайсысы болса да, қандай мамандық болса да маңызды емес. Бір семестрден соң еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнына ауысады. Ал ауысатын кезде қойылатын талаптар абитуриентке емес, ауысушы студентке қойылатын талаптармен бірдей.
Яғни, ҰБТ да керек емес, арнайы емтихан да керек емес. Сөйтіп «әйтеуір, диплом алсам, сосын мұғалім болып жатсам, өлмеспін» дейтіндер мұғалім болып жатыр. Ал нақ сөйтіп ойлайтындардан арылу үшін 2020 жылдан бастап педагогикалық мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дан кем дегенде 75 балл жинау және университетте қосымша арнайы емтихан тапсыру керек деген талап күшіне енген-ді.
Нәтижесі көрінеді, білінеді деп жүргенбіз. Сөйтсек, бәрібір айналма жол табылыпты. Дегенмен «сөзім жоқ» деп күрсінбейміз. Себебі жолы кесіліпті. Қозы-Көрпеш Жасарал бәрін түсіндіріп береді. Бірақ бәрібір бір сұрақ миымнан шықпайды – өтіп үлгергендер қанша екен – аз ба екен, көп пе екен?.. Олар әлі мұртынан күле ме, әлде қуыстанып жүре ме?
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32