Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
«Психологиялық қызмет туралы» заңды Сенат та қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Психологиялық қызмет көрсету – псевдомамандардың ақша табатын құралына айналған. Алаңдататын.
Заң авторлары – Мәжіліс депутаттары былай деп сипаттайды:
«Күйзеліске түскен адам инстаграмнан күмәнді сертификаты бар «маманды» тауып, соңғы ақшасын санап берсе де, жағдайы тек нашарлай түсетін. Мыңдаған адамның, отбасының тағдырын күл-талқан етті. Сала заңмен реттелмегендіктен, олар ешқандай жауапқа тартылмайтын».
Сөз «Өзіңді сүй, өзіңді таңда!» деген «принцип» туралы ғой. Негізінен, ғылыми дәлелденбеген материалдарды, танымал коучтардың «дәрістерін» аударып, бетінен қалқып, қойыртпақ конспект жасап алып, «оқытып» жүргендер рас, қаптап кетті. Бұл қорқынышты тенденция. Себебі психикалық саулық тұрмыстық қызмет көрсету саласына кірмейді.
Псевдопсихологтардан зардап шеккендер туралы, әрине, статистика жоқ. Бірақ дүмшелердің адамдарды адастырғанының салдары әлі де шығады деген қорқыныш бар.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03