Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 1450-ге жетті
Венесуэлада алапат жер сілкінісінен қираған аудандарда тірі адамдар әлі табылып жатыр. Құлаған ғимараттардың астынан демалыс күндері 33 адам шығарылды. Олардың арасында 11 жасар бала бар.
Венесуэлада өткен сәрсенбі күні екі мәрте жер сілкінді. Солардың біріншісінің қуаты 7,2, екіншісінікі 7,5 баллға жеткен. Жойқын дүмпуден кемінде 800 ғимарат жермен-жексен болып, мыңдаған тұрғын үйінділердің астында қалып қойды. Соңғы мәліметке қарағанда, құрбандардың жалпы саны 1450-ге жеткен.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің болжамынша, мерт болғандар қатары 10 мыңнан асуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бұл апаттан оңтүстікамерикалық елдің 30 миллион халқының 7 миллионға жуығы зардап шеккен болуы мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28