Жаңа Конституция мен Құқықтық саясат тұжырымдамасы талқыланды
Жаңа Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын құқықтық жүйенің басты құндылығы ретінде айқындайды. Бүгін Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен конституциялық реформаны іске асыру аясында әзірленген Құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы талқыланды.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Ата заң аясында мемлекеттік билік құрылымы жаңғыртылып, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін кеңейту көзделгенін атап өтті. Сонымен қатар жиында ұлттық заңнаманы жаңа конституциялық нормаларға сәйкестендіру және еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру жолдары кеңінен талқыланды.
Марат Бәшімов, Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі:
Маңызды он принцип өз орнын тапты. Олар – тәуелсіздік, Конституцияның үстемдігі, адам құқықтары мен институттары. Бұл – аса маңызды институттар.Конституцияда мемлекеттік басқару принциптері, жауапкершілік пен патриотизм өз орнын тапқан. Патриот болу ғана емес, жауапкершілікті де сезіну маңызды. Әр азаматтың өз құқығы бар, бірақ ол өз міндеттерін де орындауы керек.Мемлекеттің принциптері берік болып, заң мен тәртіпті сақтасақ, Әділетті Қазақстанды құрамыз.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03