Жетісу облысында 4 бала суға батып кетті
Жетісу облысында кәмелетке толмаған 4 бала суға батып кетті. Қайғылы оқиғалар соңғы екі күнде Кербұлақ, Сарқан және Қаратал аудандарында болған.
Балалар қараусыз қалып, рұқсат етілмеген әрі жабдықталмаған су айдындарына шомылған. Қазір полиция аталған фактілер бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Жетісу облысында жыл басынан бері 6 адамның ажалы судан келген. Жауаптылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі рұқсат етілмеген су айдындарында болған.
Ал өңірдегі шомылуға рұқсат етілген 4 аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Елдар Тұрсынов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
Лепсіде құтқару жасақтары орналастырылған. Ол жерде Балқаш көлінде – 13 адам, Ақши жағалауында – 13 адам. Қосымша облыс орталығынан іссапарға 4 адам барды. Күшейту үшін әскери бөлімнен 3 қызметкер жұмылдырылды.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17