Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
Алматыда қоғамдық көліктің бір бөлігі экологиялық талаптарға мүлде сай емес. Бұл қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды.
Тексеріс барысында газбен жүретін 481 автобустың экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні анықталған. Оның 85-інде катализатор мүлде орнатылмаған. Қала әкімдігі енді автобустарды талапқа сәйкестендіріп, катализаторлармен жабдықтау жұмысын жүргізбек. Дегенмен мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев мәселе тек автобустармен шектелмеуі керек екенін айтты.
Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихат төрағасы:
Бұл тек автобустарға қатысты мәселе емес. Коммуналдық техника, мемлекеттік сатып алу арқылы жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың көліктері, құрылыс техникалары, қаланы тазалайтын арнайы техникалар барлығы экологиялық талаптарға сай болуы қажет. Сондықтан осының бәрі толық ескерілуі керек.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03