Таразда тозған саябақ елдегі ең үлкен экосаябаққа айналады
Таразда 13 жыл бойы қараусыз қалып, жөндеусіз жатқан саябақ қайта жанданатын болды. «Мамыр» деп аталатын қала шетіндегі бұл тоғай осыған дейін қаңғыбастар мен нашақорлар мекеніне айналып кеткен еді.
Енді «Мамыр тоғайын» модернизациядан өткізетін мердігер де анықталды. Әкімдік
15 гектар аумаққа еліміздегі ең үлкен экопарк жүйесін құрмақ. Оған 1 млрд
теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Шаһар шенділері құрылыс кезінде бірде-бір ағаш
оталмайды деп уәде берді. Өйткені 130 жылдық тарихы бар тоғайдың қаланың
қалыптасу кезеңінде алар орны айрықша. Мұнда алғаш егілген ағаштар да бар.
Сонымен қатар саябақта иппотерация орталығы жұмыс істейді. Жалпы жоба бойынша
субұрқақтар, спорттық алаңдар салынып, 300 орындық пен 380 жарықшам қойылмақ.
Елдос Кеңесбеков, қала әкімдігі ТҮКШ бөлімі басшысының
орынбасары:
Қазіргі таңда Қазақстанда ең үлкен экосаябақ болады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары жуық арада басталады. Қазіргі таңда келісімшарттың бәрі жасалды. ГАСК-дан рұқсаттарын алып жатырмыз. Келесі жылы аяқталады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05