Түрген шатқалында көшкін жүрді
Алматы облысында толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Түрген өзенінің деңгейі көтеріліп, жолдың бір бөлігін су шайып кетті. Нақтырақ айтсақ, Түрген – Ассы автожолының бірнеше бөлігіне зақым келіп, 17 киіз үй орналасқан аумақ пен «Водник» бау-бақша серіктестігіндегі төрт ауланы су басты. Құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 бала мен 8 шетел азаматын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Мамандар сел қаупін бақылап, жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оған 300-ге жуық маман мен 44 техника жұмылдырылған.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17