Басты Жаңалықтар Ақтөбедегі көкөністерден пестицид пен нейтраттардың көптігі анықталды

Ақтөбедегі көкөністерден пестицид пен нейтраттардың көптігі анықталды

Ақтөбеде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары бау-бақша өнімдерін зертханада тексеріп жатыр. Оған себеп: соңғы бір жыл ішінде алынған 15 сынаманың жетеуінде пестицидтер мен нейтраттардың мөлшері шамадан тыс көп екені анықталған. Қазір оңтүстік өңірлерден қауын-қарбыз көптеп келіп жатыр. Тұрғындар олардың сапасы мен құрамына күмәнмен қарай бастаған. Дегенмен жаз басталғалы уланып, ауруханаға түскендер жоқ. Санитар мамандар базарлар мен көшелерде сатылып жатқан бақша өнімдерін зертханаға әкеліп, қауіпсіздігін тексеруде. Сынама электронды детектор арқылы жүргізіліп, газды хромотографта талданады.  Бұл сезімталдығы жоғары құрылғы. Өнім құрамындағы пестицидтердің мөлшерін дәл анықтап береді. Тұрғындардың өздері де күмәнді өнімдерді зертханаға әкеліп, тексертуіне болады.

Меруерт Балқожаева, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а.:

Өздерінің қалтасынан акредиттелген лабараторияларға қарбыздарда, жеміс-жидектерде нейтраттар, пестицидтер бар-жоқтығын тексеруге болады. Айта кететініміз – нейтраттар мен пестицидтермен уланған жағдайда оның белгілері құсу, жүрек айнуы, жүрегінің жиі соғуы, эпигастро аймағының ауырсынуы болады.


Бөлісу