БҚО Шыңғырлау ауданындағы теміржол вокзалы толық жөнделді
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында теміржол вокзалы жөндеуден кейін салтанатты түрде ашылды. Бұл – аймақта соңғы үш күнде тапсырылған үшінші бекет. Бұған дейін Тасқала, Бөрлі аудандарындағы станция ғимараттары жаңартылған еді.
Жөнделді дегенмен теміржол
бекеті бастан-аяқ
қайта салынған. Іші-сырты жарқырап тұр. Айналасы абаттандырылған. 90 жылдық
тарихы бар вокзалдың қайта түлеп, ел игілігіне берілгеніне тұрғындар дән риза.
Кітабия Әбдуғазиева, ауыл тұрғыны:
Бұрынғы ескі нысан бір ғасырға жуық халыққа қызмет етті. Тозығы жетіп, жаңартылатын мезгіл келгені белгілі. Енді мына жаңа нысанның пайдалануға берілгені – халық үшін үлкен қуаныш, үлкен жетістік. Үлкен қалаларда білім алып жатқан жастар үшін де, қарапайым халық үшін де қатынас ретінде бұл өте қажет күретамыр теміржол.
Шыңғырлаулықтардың тыныс-тіршілігі
теміржол желісімен тығыз байланысты. Станция арқылы 8 жолаушы пойызы өтеді. Бекет ғимаратында жолаушылар үшін
жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған. Мүгедектігі бар адамдарға, ана мен балаға
арнайы бөлмелер қарастырылған.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
2025 жылдың қорытындысы бойынша аймағымызда теміржол көлігі қызметін 419 мың жолаушы пайдаланды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Сонымен қатар жүк тасымалының көлемі де айтарлықтай артып, 5 млн тоннадан асты.
Күні-түні тер төгіп жүрген теміржолшылардың
қажырлы еңбегі зор құрметке лайық. Салтанатты шарада сала үздіктері алғыс
хаттармен марапатталды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28