Алматы облысында Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мұны облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады. Жаңатұрмыс ауылындағы «Aқсай карьері» аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің бір бөлігінде топырақ опырылған. Зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздік мақсатында карьерге жақын орналасқан 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Қазір мамандар аумақты тексеріп, топырақты тұрақтандыру және қауіпті аймақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі инженерлік жұмыстарды жедел ұйымдастыруға және барлық қызметтің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, мамандар бақылауында.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17