Алматы облысының Қарасай ауданына су берілді
Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғындарына ауыз су берілді. Бұл туралы әкімдік хабарлады. Соңғы күндері жауған нөсер жауын салдарынан Ақсай өзені арнасынан асып, өзенді қайта арнасына бұру жұмыстары кезінде жергілікті су құбыры желісі зақымданған еді. Ахуалды тұрақтандыру үшін мамандар үздіксіз жұмыс жүргізіп, су құбыры желісін қалпына келтірді.
Бексұлтан Ақылбек, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:
Таңғы сағат 4-тен бастап қазіргі таңда су бар. Бірақ мөлшері төмендеу болып тұр. Себебі таулы аймақтардан су алғаннан кейін кір су келуі мүмкін. Сол себепті давлениесін азайттық. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Ешқандай алаңдаушылық болып жатқан жоқ.
Кеше Қарасай ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Таңғы сағат 7-лер шамасында Жанатұрмыс ауылындағы «Ақсай
карьері» аумағында
нөсер жауын мен өзен жағасының шайылуы салдарынан топырақ опырылды. Қазір
мамандар ұзындығы 400 метр болатын су арнасын қалпына келтіріп жатыр. Сонымен
қатар опырылып түскен аумақты бекіту және қалпына келтіру мақсатында ұзындығы
500 метр болатын арнайы технологиялық жол салынуда. Әкімдіктің мәліметінше,
қазір жағдай тұрақталды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03