Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті
Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті. Саяси ұйым бүгін Астанада кезектен тыс V съезін өткізді. Алдағы мақсат-міндеттерін айқындады. Партияның мәліметінше, сайлауға түсетін азаматтар тізімі кәсіби біліктілікке қарай және қоғамдағы түрлі сала өкілдерін қамти отырып жасалған. Үміткерлер құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, өнеркәсіп пен ІТ мамандары сияқты жалпы саны 76 адам енген. Олардың қатарында 32 әйел, 12 жас, 3 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Енді бекітілген партиялық тізім заңнамада белгіленген тәртіппен Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
Амангелді Махамбет, Respublicа партиясы Павлодар облыстық филиалының басшысы:
2023 жылы біз бұл мәселенің барлығын басымыздан өткердік. Ол кезде Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысқан кезде өзіміздің кандидаттарды шығардық. Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарын араладық. Біз алғашқы барған кезде бізге сеніңіздерші деп барғанбыз. Қазір өзіміздің істеген ісімізді көрсетіп бара аламыз. Сол себепті бізде ешқандай қиындық жоқ деп ойлаймын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03