Жол апаты неге азаймай тұр?
2026 жылдың алғашқы бес айында еліміздің жолдарында 12 мыңнан астам апат болып, 623 адам ажал құшты. Мыңдаған азамат жарақаттанды.
Ресми мәліметке сәйкес, жолдағы апаттардың 90%-дан астамы жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтамауынан болады. Жолдарда жыл сайын шамамен 14 миллион құқық бұзылады. Оның 40%-ы белгіленген жылдамдықты асыру фактісі.
Осы мәселеге қайта-қайта тоқталу шаршатқан жоқ, бірақ... Айыппұл салса, ренжиміз. Бірақ содан қорытынды шығарып жатқан біз жоқ.
Қалтаға салмақ деп ғана ойлаймыз. Өз өмірім деген табиғи инстинкт пен басқа біреудің өмірі деген жауапкершілік қайда, сонда?
Қоғамда «Заң үстемдігін әуелі өздерінен бастасын» деген реніш бар. Ол негізі бар реніш. Алайда әркім өзіне жауап беруі керегін де қоя тұрайық, адам өмірі туралы келте ойлайтынымыз уайымдатады. Тіпті өз өміріне немқұрайды қарайтындар бар ғой, сонда...
Апаттың жол сапасына да қатысты екенін жоққа шығармаймыз. Апатты мейлінше сұмдық қылмауға ықпалдасатын шешімдер туралы материал жасадық та.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03