Түркияда домбыра күні аталып өтті
Домбыра күніне орай Ыстанбұл қаласындағы Абай алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Домбыра үйірмесіне қатысатын жергілікті жастардан құралған шағын оркестр күй тартып, ән шырқады. Түркияда оқитын қазақ студенттері де өнерін ортаға салды. Зейтинбурну ауданында өткен концертті сонда тұратын қазақтардан бөлек, бауырлас түріктер, сондай-ақ шетелдік туристер де тамашалады. Көрермен өнерпаздармен бірге ән шырқап, би билеп, кештің сәнін кіргізді. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы ұйымдастырған іс-шараға жергілікті билік өкілдері де қатысты.
Адем Услу, Зейтинбурну ауданының әкімі:
Бауырлас Қазақ елінің домбыра күні құтты болсын. Бұл ерекше маңызы бар мереке. 74 жылдан бері осы Зейтінбурну ауданында тұрып жатқан қазақтармен бірге керемет кеш ұйымдастырдық. Қазақ бауырларымызбен өте терең тарихымыз бар. Осында жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бізге ерекше көңіл күй сыйлаған өнерпаздарға алғысымды білдіремін.
Седат Солакоғлы, Ыстанбұлдағы домбыра үйірмесінің жетекшісі:
Домбыра күні құтты болсын бәрімізге. Домбыра күні осы жылы Ыстанбұл қаласындағы төртінші жылымыз. Ыстанбұл Бас консулдығының бастамасымен, Зейтинбурну ауданының қолдауымен осымен төртінші жылымыз. Осы жылы 20дан аса шәкірт тәрбиелеп алдық. Бүгін бәрі өнер көрсетіп бес күй орындап берді бізге. Балбырауын, Ерке сылқым сияқты. Өте жақсы үлкен деңгейде орындап берді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28