Иран кемелерді қайта атқылай бастады
Иран Ислам Республикасы сақшыларының корпусы өткен түнде Ормұз бұғазында екі сауда кемесіне оқ жаудырды. Шабуылдан танкерлерге зақым келді. Адамдар дін аман. Мұны америкалық дереккөздерге сүйене отырып, Axios басылымы хабарлады. Иранның бұл әрекетіне АҚШ жауап беруі, яғни екі ел арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қауіп төнуі мүмкін. Бітім жасалғанына қарамастан, Тегеран мен Вашингтон маусымның соңында бірін бірі қайта шабуылдаған еді. Алайда тараптар көп кешікпей текетіресті тоқтатты. Енді Ормұз бұғазында жүк тасымалы жандана бастағанда, бұл әрекет қайталанып отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17