Қазақстан ИННОПРОМ көрмесінде индустриялық жобаларды ұсынды
Қазақстан ИННОПРОМ халықаралық көрмесінде өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін таныстырды. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан XVI халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысқан Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен өндірісті жаңғырту бағытындағы жұмыстарына тоқталды. «Индустрия 360: шекарасыз өндіріс» пленарлық сессиясында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Қазақстанның шикізатты терең өңдеу, машина жасау, металлургия, мұнай-газ химиясы және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға басымдық беріп отырғанын айтты.
Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
Биыл Қазақстан павильонында машина жасау, металлургия, ІТ, жасанды интеллект, микроэлектроника және өндірісті цифрландыру бағытындағы отандық әзірлемелер ұсынылды. Бұл – қазақстандық компаниялар үшін өз өнімдерін халықаралық нарыққа таныстырып, жаңа инвесторлар мен серіктестер тартуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17