Басши ауылына жыл басынан бері 15 мыңға жуық турист келген
Жетісу облысындағы Басши ауылы еліміздегі ең үздік туристік ауылдар қатарына енді. Бұл елді мекен «Алтын-Емел» ұлттық паркінің қақпасы саналады. Сондықтан Басши ауылына келім-кетім де көп. Жыл басынан бері мұнда 15 мыңға жуық саяхатшы табан тірепті. Оның 5 мыңнан астамы – әлемнің 30 елінен келген шетелдік меймандар. Қазір ауылдың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл Айғайқұм, Ақтау және «700 жылдық ағаш» туристік бағыты абаттандырылып, ұлттық паркке ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Одан бөлек, экологиялық жобалар да қолға алынып, табиғи ортаға 34 ителгі жіберілді.
Кин Джин Ким, турист:
Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Бұл елдің табиғаты мені ерекше тәнті етті. Айғайқұм, Қатутау және басқа да көрікті жерлерді аралап, ұмытылмас әсер алдым. Болашақта Қазақстанға тағы келуді жоспарлап отырмын.
Қуат Байтұрбаев, «Алтын-Емел» МҰТП бас директоры:
«Алтын-Емелдің» 307 мың гектар жері бар. Бізде қазір туристерді қызықтыратын Айғайқұм, Ақтау, Қатутау және 700 жылдық ива ағашы бар. Соған туристер қатты қызығып келіп жатыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17