Сайлаушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды
23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Тізімге 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі. Уақытша тіркелгендер 23 шілдеге дейін өтініш беру арқылы тізімге қосыла алады. Әкімдік азаматтың дауыс беретін учаскесін өзгерту рәсімін ұйымдастырады. Бұл мүмкіндік тіркелген жерінде бола алмайтын азаматтарға, студенттерге және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге беріледі. Сайлаушылар 7 тамыздан бастап өз деректерін онлайн сервистер немесе әкімдік арқылы тексере алады. Әр адам тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03