Үкіметте су ресурстарын дамыту мәселелері қаралды
Биыл бес су қоймасы жаңартылып, 1,5 мың шақырымға жуық канал жөнделді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Су кеңесінің отырысында айтылды. Жиында жалпы саланы жаңғырту жұмыстары қаралды. Су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап 550 мың гектарға жетіп, 880 миллион текше метр су үнемделген. Сонымен қатар Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі іске қосылып, оған 17 мыңнан астам өзен мен мыңнан астам гидротехникалық нысан туралы деректер енгізілген. Отырыс соңында Олжас Бектенов өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғырту жұмыстарын жеделдетіп, су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын күшейтуді тапсырды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27