Мұнай-газ саласын дамытуға арналған жаңа ұсыныстар талқыланды
Елімізде жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін жаңа зауыт іске қосылып, мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында өткен мұнай-газ саласын дамытуға арналған жиында айтылды. Басқосуда инвестиция тарту, геологиялық барлауды күшейту және шикізатқа тәуелділікті азайтып, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту мәселелері талқыланды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай экономиканың басты мақсаты тек мұнай өндіру емес, технология мен отандық өндірісті дамыту екенін атап өтті. Сондай-ақ тәуелсіз мұнай өндірушілер ашық баға қалыптастыру саланың инвестициялық тартымдылығын арттыратынын мәлімдеді.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің басты капиталы адам капиталы екенін бірнеше рет атап өтті. Біздің басты байлығымыз тек жер қойнауындағы мұнай ғана емес, біздің байлығымыз - сол мұнайды әлемдік деңгейде игере алатын қазақстандық азаматтар. Олар инженерлер, геологтар, технологтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, жұмысшылар. Егер біз осы адамдардың әлеуетін аша алатын болсақ, Қазақстанның болашағы да берік болатынына күмән жоқ.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17