Балық шаруашылығына маман жетіспейді
Балық шаруашылығы саласында кадр тапшы. Елімізде осы бағытта маман даярлайтын бес оқу орны бар. Жыл сайын 200-ге жуық жас диплом алады. Бірақ солардың басым бөлігі ауылды жерге барып жұмыс істеуге құлықсыз. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов осылай деп мәлімдеді. Жалпы, Қазақстанда балық ресурстарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша 2 699 заң бұзушылық анықталып, 55 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Дегенмен маман тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып тұр.
Серік Сермағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің
төрағасы:
Жеткіліксіз екендігін біз субектілерден байқаудамыз. Жақсы маманды субъектілержалақысын жоғары қойып, бір-бірінен тартып алуда. Жалпы, жақсы мамандар шығып жатыр. Проблемасы елді мекендерге бармай жатқанында.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27