Ел жаңалықтарына шолу
Қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар салынбақ
Елімізде қалдықтарды энергияға айналдыратын жаңа зауыттар салынады. Қазіргі
Экология министрлігі облыс орталықтарында осындай кәсіпорындарды ашу бойынша
инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Мұндағы мақсат: қалдықтарды кәдеге жарату, полигондарға көмілетін қалдықтар
көлемін қысқарту. Сонымен бірге қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін
азайту.
Елімізде елуден аса меднысан салынуда
Еліміз бойынша жалпы құны 108 млрд теңге болатын 50-ден астам медициналық
мекеме салынып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері
хабарлады. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың қатарында Қызылорда мен Өскемен
қалаларындағы 300 орындық көпбейінді аурухана мен үш өңірдегі бір ауысымдық
емханалар да бар. Бұдан бөлек, биыл 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қор есебінен
қаржыландырылған бірқатар нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ
жыл соңына дейін ауылдардағы 32 аудандық аурухана жаңартылмақ.
Көк паспортымыз Орталық Азия елдері арасында үздік болды
Қазақстан паспорты Орталық Азия елдері арасында үздік деп танылды. «Global
Passport Index-тің» жаңартылған рейтингінде құжат 109 – орында тұр.
Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш көрші елдерден едәуір жоғары. Мысалы,
Өзбекстан - 123, Қырғызстан – 127, Тәжікстан – 140, ал Түрікменстан –
144-орында тұр. Зерттеуге сәйкес, еліміздің азаматтары 48 елге визасыз сапарлай
алады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекетке жеңілдетілген тәртіппен кіруге немесе
шекарада виза рәсімдеуге мүмкіндік бар.
Е.Рыбакина ең көп табыс тапқан 10 теннисшінің қатарына кірді
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі
ең көп табыс тапқан теннисшілердің қатарына енді. Отандасымыз рейтингтің
10-сатысына жайғасқан. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16 миллион доллардан
асқан. Оның 11,3 миллионы жүлде қорынан, ал 5 миллион демеушілік
келісімшарттардан түскен. Табысты теннисшілердің көшін испаниялық Карлос
Алькарас бастап тұр. Оның жылдық табысы 63 миллион долларға жуық. Екінші орында
59 миллион доллар топқан италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті америкалық Кори
Гауфф түйіндейді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28