Олжас Бектенов: Конституция Президент реформаларының жүйелі жалғасуына негіз болды
Жаңа Конституциядағы бастамалар инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында Үкімет пен халықаралық бизнес өкілдерінің әріптестігін күшейту, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Премьер-министр жаңа Конституция мен жүргізіліп жатқан реформалар елдегі құқықтық тұрақтылықты нығайтатынын айтты. Үкімет сонымен қатар цифрлық трансформацияны жеделдетіп, инвесторлармен ашық әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Конституциялық Сот нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Бірреттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17