Орманшыларға заманауи техника берілді
Елімізде орман өртінің алдын алу үшін заманауи бақылау жүйелері енгізілді. Енді мамандар тілсіз жауды ерте анықтайтын кешендер, дрондар, бейнебақылау және байланыс құралдарын пайдаланады. Бұл технологиялар өрт қызыл жалынды дер кезінде байқап, оны жылдам ауыздықтауға мүмкіндік береді. Осы бағытқа Үкімет 17 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлді. Бұл сомаға өңірлерге өртті ерте анықтайтын 14 кешен сатып алынды. Қаржы жеті өңірге берілді. Оның ішінде Ақмола облысына – 4,8 миллиард, Алматы облысына – 3,3 миллиард, Қарағанды облысына – 3 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары да заманауи жүйелермен қамтылады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28