Басты Жаңалықтар Азаматтық белсенділік – қоғам дамуының негізі

Азаматтық белсенділік – қоғам дамуының негізі

Азаматтық қоғамның белсенділігі – қоғамның дамуы мен орнықты өркендеуіне ықпал етеді. Заң ғылымдарының докторы, профессор Алуа Ыбраева әрбір ел тұрғыны мемлекеттегі өзгерістерден тыс қалмай, өзінің саяси көзқарасын ашық білдіріп, саналы таңдау жасап, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы қажет екенін айтады. Оның пікірінше, азаматтардың белсенді ұстанымы мен құқықтық мәдениеті демократиялық қоғамның нығаюына және құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.

Алуа Ыбраева, заңгер:
Біздің елімізде саяси өзгерістер басталуда. Ең бірінші 15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдадық. Жаңа Коституция жаңа дәуірді ашты. Әр азаматтың борышы, құқығы, борышы  – сайлауға қатысу. Осы сайлау арқылы саясатқа қатысу. Біз бәріміз дамыған, тұрақты қоғамда тұрғымыз келеді.


Бөлісу