Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады. Кездесуде агроөнеркәсіп кешенінің биылғы алғашқы жартыжылдықтағы даму көрсеткіштері баяндалды.
Министрдің айтуынша, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде тағам өнімдерін өндіру көлемі 14,7 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайыз өсім көрсетті. Оның ішінде егін шаруашылығы 7,7 пайызға ұлғайған. Бұл кезеңде агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларға жетті. Мемлекет басшысы саланың тиімділігін арттыру, өңделген өнім көлемін көбейту, экспортты кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында салаға бұрын-соңды болмаған деңгейде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Даму қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі іске қосылды. Сондай-ақ әлеуметтік корпорациялар арқылы айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыру тетігі де іске асырылуда. Соның нәтижесінде егін шаруашылығында тұрақты өсім қалыптасып, рекордтық нәтижелерге қолжеткіздік.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28