Alatau City: 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Жиында жаңа қаланың арнаулы құқықтық режимін іске асыру және оны дамыту жоспары талқыланды. Премьер-министр Alatau City жобасы Президент реформаларының жалғасы екенін атап өтіп, оның негізгі мақсаты инвестиция тарту, заманауи басқару жүйесін қалыптастыру және экономикалық өсімге серпін беру екенін айтты. Бүгінде қалада жалпы құны 2 триллион теңге болатын 53 инвестициялық жоба әзірленген. Оларды жүзеге асыру арқылы 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Әлішер Әбдіқадыров, Alatau City Authority жобасының бас атқарушы директоры:
Біз Алатау қаласының жаңа мәртебесі аясындағы жұмысты іске асыруды бастадық. Жыл соңына дейін қаланың дербес басқару жүйесінің негізін қалыптастыратын негізгі нормативтік-құқықтық актілер пакеті қабылданады. Олар кәсіпкерлік, құрылыс, лицензиялау, сондай-ақ салық және кедендік реттеу мәселелерін қамтиды. Бұл құжаттардың барлығы инвесторлар мен бизнес үшін қолжетімді әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланың үш негізгі стратегиялық құжаты әзірленеді. Олар – ұзақмерзімді даму жоспары, даму стратегиясы және бас жоспар.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03