Басты Жаңалықтар Бурабайда квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды

Бурабайда квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды

Бурабайда қайғылы оқиғадан кейін  квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды. Жалпы, жыл басынан қурортты елді мекенде тауға шығып, жарақат алған 5 адамға көмек көрсетілді. Тағы 9 шетел азаматы эвакуацияланды. Туризм қарқынды дамып келе жатқан өңірде қауіпсіздік мәселесі қалай шешіліп отыр?! Бұл туралы өңірдегі әріптесіміз Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалы.

Велосипед, трицикл, электросамокаттар. Демалушылар үшін Бурабайда техниканың небір түрі жалға беріледі. Тек соңғы қайғылы оқиғаға байланысты квадрациклдер көзге шалынбады. Біреуі ғана жолықты. Оның өзі демалыс үйінің қызметтік көлігі болып шықты.

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Адреналин қуған туристер үшін төрт доңғалақты жол талғамайтын техника Бурабай кентінің сыртында, көліктер аз жүретін орында жалға берілген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда шамамен 30-40 шақты квадрацикл тұратын. Қазір бұл жерде бірде-біреуі жоқ. Техниканың соңғы легі міне тиеулі тұр. Қайғылы оқиғаға байланысты Бурабайда квадрациклдерді жалға беру уақытша тоқтатылды.

Квадрациклдерді жалға беру – табысы бизнес көзі. Бірақ мұндай көлікті  әйел адамдардың барлығы дерлік жүргізе алмайды. Сондықтан күрделі техника тәжірибесі аз әйел адамдарға берілмеуі керек, дейді жергілікті тұрғындар.

Шыңғыс Ғазиз, жергілікті тұрғын:

Квадрацикл деген екі есе жауапкершілік. Рөлі - бәрі қиын. Оны жай адам жүргізе алмайды, қайтқан жас қыз, естігенім бойынша, оларға қиынырақ жүргізуге, кішкене күш керек. Сол үшін квадрациклді тапсырғанда қандай бір ережелер қою керек.

Бурабайда жыл басынан 25 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның екеуі квадрациклмен байланысты факт. Соңғы оқиғада 22 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Бүгінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрбек Мұхтаев, Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары:

Өздерінің жолдары бар, үлкен Чебачье бойымен. Сол жақта болған оқиға болды. Сол жерде бір қыз қаза тапты. Мотошлемі бәрі болды. Квадрациклі тіркеуге қойылған. Куәлігі болмаған. Негізі оған бермеген. Жалға берушілер оған бермеген.

Шіліңгір шілденің аптап ыстығына қарамастан Бурабайда демалушылардың қарасы қалың. Оқжетпес пен Бөлектауға шыққысы келетіндер үшін тауға міну жеңілдетілген, баспалдақтар орнатылды. Туристік мекенде барлығы 7 көру алаңы жабдықталды. Су айдындарын кешу үшін де небір жүзе техникалары ұсынылады.

Перизат Құрбанова, демалушы:

Демалысқа келген кезде қауіпсіздікті бірінші орынға қою керек деп ойлаймын. Денсаулыққа байланысты ғой. Қазір неше түрлі оқиғалар болып жатыр. 

Елдос Рамазанов, турист:

Қазір  Жұмбақтас үстіне қарай шығуға болмайды екен. Сондай қауіпсіздік шараларын қолға алып жатыр екен. Меніңше, жылдамдық межеден өткізбеу, кіргеннен бастап, экопост 20-дан бастап жүресіз дейді.

Курортты елді мекенде туристердің қауіпсіздігі үшін 300-ге жуық бейнекамера жұмыс істеп тұр. Десе де, өткен демалыс күні жүргізілген рейд барысында 70-ке жуық құқықбұзушылық тіркелді. Яғни туристердің қауіпсіздігі өздерінің демалу мәдениетін сақтауына байланысты дейді туристік полиция қызметкерлері.


Бөлісу