О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
Астанада 29 шілдеде «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турнирі басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов жарыс өтетін спорт нысандарының дайындығын тексерді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет басшысына алаңдардың әзірлігі, цифрлық жабдықтардың жұмысы және нысандардың гибридті форматқа бейімделуі туралы баяндады. Бүгінде, қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға арналған орындар дайындалып, мыңнан астам ерікті жұмыс істейтін орталықтың қызметі ұйымдастырылған. Премьер-министр турнирді жоғары деңгейде өткізу үшін оған қатысы бар барлық мемлекеттік орган мен ұйымның үйлесімді жұмыс істеуін тапсырды. Сондай-ақ қауіпсіздік, логистика және сервистік қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылуы тиіс.
Әлібек Хасенов, «Қазспортинвест» АҚ президенті, « Болашақ ойындары 2026» дирекциясының жетекшісі:
Жарысқа әлемнің 35-тен астам елінен 864 спортшы қатысады. Турнир ойындары елордадағы төрт спорт нысанында өтеді: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, «Қазақстан» жеңіл атлетика кешенінде, Beeline Arena ұлттық теннис орталығында және «Барыс Аренада». Ал ашылу салтанаты 29 шілде күні «Барыс Аренада» ұйымдастырылады. Көрерменге спорттық бәсекелермен қатар, мазмұнды мәдени бағдарлама да ұсынылмақ. Билеттер сатылымға шықты.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02