Жаркентте оқушы қыз тоққа соғылып, қайтыс болды
Жаркентте 10 жасар баланы тоқ соғып, жан тапсырды. Қайғылы оқиға қаладағы мектептердің бірінің ауласында болған. 5-сынып оқушысының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім мектеп ауласындағы құлпы ашық тұрған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Сол жерде оны электр тоғы соққан. Бала жедел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады.
Жанар Темірханқызы, облыстық ПД ресми өкілі:
Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы болған жағдайдың жан-жақты, толық әрі объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Нысанды пайдалану және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі анықталуда.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17