Сот орындаушысына сотқа дейін шағымдану тәртібі енгізіледі
Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты атқарушылық іс жүргізу жүйесі реформаланып жатыр. Жаңа заңға сәйкес, жеке сот орындаушылары үшін міндетті аттестаттау енгізіледі. Сынақтан өтпегендер лицензиясынан айырылады. Мамандардың әрекетіне сотқа дейін шағымдану тетігі қарастырылып, мерзімі өтіп кеткен істер автоматты түрде тоқтатылады. Сондай-ақ енді борышкерге тұрғын үйден шығарылатыны туралы кемінде 10 күн бұрын хабарлануы тиіс. Ал алимент тек арнайы банктік шотқа аударылады.
Айта кетейік, қазір елімізде 2 мыңнан астам жеке сот орындаушысы қызмет етеді.
Олар атқарушылық құжаттарды орындауда маңызды рөл атқарады.
Азамат Бердібеков, ҚР Жеке сот орындаушылары Республикалық палатасы
төрағасының орынбасары:
Көптеген аналар өздерінің алиментін әзер өндіріп, түрлі екінші деңгейлі банктерге немесе микроқаржы ұйымдарының пайдасына өндіріліп, әр органның табалдырығын тоздыратын еді. Енді заң өзгерісіне байланысты жеке сот орындаушы өндіріп алушылармен жұмыс істейді. Алимент өндіріп алушыларға есептік шот ашылады. Шотқа тек сол алимент санатындағы қаражат түседі. Ол қаражатқа жеке сот орындаушылары ешқандай тыйым салып, ол қаржыны өндіре алмайтын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28