Алматыдан Қаскелеңге дейінгі жол 8 жолаққа кеңейеді
«Алматы – Қаскелең» тасжолы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі. Бұл мəселе Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Үкімет басшысы мердігерге осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін толық əзірлеп, жол құрылысын 20 шілдеде бастауды тапсырды. Мамандардың айтуынша, «Алматы – Қаскелең» маршрутымен тəулігіне орта есеппен 60 мың көлік жүреді. Жиында Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзге жобалар да қаралды. Атап айтқанда, Ұзынағаш бағытына балама жол салу, Алматы – Есік жəне Алматы – Талғар бағыттарындағы жолдарды жаңғырту, сондай-ақ метро мен рельсті көлік желісін дамыту мəселелері талқыланды.
Төлеген Абдуллин,
ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, біз келесі аптадан бастап «Алматы – Қаскелең» жолын жаңғырту жұмыстарын бастаймыз. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нəтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау жəне пайдалануға беру 2027 жылғы желтоқсан айына жоспарланған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17