Ақтөбеде дауылдан 300-ге жуық нысан бүлінді
Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында болған қатты дауылдан 298 нысан бүлінген. Оның 254-і тұрғын үй, 14-і әлеуметтік, 24-і кәсіпкерлік нысан және 6 әкімшілік ғимарат бар. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр. Ал техникалық тексеру қорытындысы 27 шілдеге дейін дайын болады. Зардап шеккен тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіліп, қажетті жағдай жасалған. Ауылдағы газ, су, байланыс және электр желілері қалпына келтірілген. Құлаған байланыс мұнарасын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаров қалпына келтіру жұмыстарын жылыту маусымына дейін аяқтауды тапсырды.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05