Сан-Франциско шығанағында кеме аударылды
АҚШ-тың Сан-Франциско шығанағында кеме аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам із-түссіз жоғалған. Апат кезінде кемеде 20 ересек адам болған және олардың басым бөлігі бір әулеттен екені хабарланды. Үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Тағы 13-і жағаға аман-есен оралды. Куәгерлердің сөзінше, теңіз қатты толқып, кемеге су кіріп, артынша аударылып кеткен. Сан-Франциско өрт сөндіру қызметі мен АҚШ жағалау күзеті жоғалған үш адамды іздестіруде.
Джастин Марселин, порт жұмысшысы:
Біз мейлінше көп адамды құтқаруға тырыстық. Көрініс «Титаник» фильміндегі жағдайды еске түсірді. Адамдар сыртқа шығу үшін терезелерді ұрғылап жатты. Біз көп жылдан бері балық аулаймыз. Бірақ мұндай оқиға теңіздің қаншалықты қауіпті екенін тағы бір рет еске салады.
Дэниел Лури, Сан-Франциско қаласының мэрі:
Қаза тапқан адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Қазір іздеу жұмыстары белсенді түрде жүріп жатқанын баршаға жеткізгім келеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03