Арал ауданындағы «Қамыстыбас» тоғанында 12 млн-нан аса шабақ өсірілді
Қызылорда облысы Арал ауданындағы «Қамыстыбас» балық питомнигі жылына 12 миллионнан аса шабақ өсіріп, су айдындарына жібереді. Мамандар тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандарын қолдан өсіріп, көбейтіп жатыр.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар балық питомнигі - Сырдария бассейні бойындағы ең ірі шаруашылық. Және Кіші Арал теңізінде балық қорын ұлғайтуға үлкен үлес қосып келеді. Мамандар жасанды тоғандарда сиреп бара жатқан балық түрлерін өсіріп, су айдындарына жіберу арқылы табиғи популяциясын сақтап отыр. Соңғы жылдары питомник балықтың басқа да тұқымдарын көбейтуді қолға алған.
Қылышбек Байбосынов, балық өсіруші:
Жылына 12 миллион себелетка бір жаздық, 420 мың екі жаздық балық өсіреміз. Сонымен қатар, кейінгі уақытта, Арал теңізінде жойылуға жақын тұрған Арал қаязы деген бар, содан дернәсіл алуды жолға қойып жатырмыз.
Жалпы Арал аумағында Кіші Арал теңізінен бөлек үлкенді-кішілі 17 көл бар. Су айдындарында
балықтың 17 түрі тіршілік етеді. Сырдария өзенінен келетін су көлемі азайғалы
жергілікті кәсіпкерлер де жасанды тоғандар қазып, қолмен балық өсіруге бетбұрып
келеді. Бұл байыпты бастамалар ауданда балық шаруашылығын дамытуға сеп болмақ.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17