Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
Ұлыбритания үкіметі келер жылдың көктемінен бастап, 16–17 жастағы жасөспірімдердің түнгі уақытта онлайн-платформаларда отыруын шектемек.
Автоматты түрде енгізілетін «коменданттық сағат» түнгі 00:00-ден 06:00-ге дейін жалғасады. Тыйымның басты мақсаты — балаларды зиянды контенттен және кибербуллингтен қорғап, әлеуметтік желі алгоритмдеріне деген тәуелділіктің алдын алу. Сондай-ақ әлеуметтік желілерден смартфон экраны алдында ұзақ уақыт отыруға итермелейтін функцияларды өшіру талап етіледі. Бұдан бөлек жасанды интеллект негізіндегі чат-бот әзірлейтіндер 18 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіні пайдалану уақытына шектеу енгізуі керек болады.
Джулсу Суини, қоғам белсендісі:
Технологиялық компаниялар жағдайды түзегісі келсе, баяғыда қолға алар еді, бірақ ондай қадамға бармады. Білесіз бе, оларды мәжбүрлемейінше ештеңе істемейді. Енді, міне, сең қозғалды деп ойлаймын.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17