АҚШ-та ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған жаңа паспорт шықты
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай мерейтойлық паспорттың жаңа үлгісін жариялады. Құжат шектеулі таралыммен шығады. Оның ішкі бетінде президенттің портреті Тәуелсіздік декларациясының мәтінімен үйлестіріліп, төменгі бөлігіне оның алтын түсті қолтаңбасы қойылған. Тағы бір бетте АҚШ-тың негізін қалаушылардың Тәуелсіздік декларациясына қол қою сәті бейнеленген. Сондай-ақ төлқұжатта елдің 250 жылдық мерейтойына арналған арнайы белгі бар. Паспорт биыл 6-шілдеден бастап ел астанасы Вашингтонда беріле бастаған.
Марко Рубио, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
Төлқұжат – тек сапарға арналған құжат емес. Оның маңызы зор. Шетелге шыққанда америкалық паспортты көрсету көпшілік үшін мақтаныш. Бұл паспортты жұрт ұзақ уақыт сақтап, қадірлі естелік ретінде қабылдайды деп ойлаймыз. Кез келген төлқұжаттың жарамдылық мерзімі бар. Бірақ оның мерейтойлық мәні есте қалады. Көпшілік осы паспортты алуға өтініш беріп, оған қызығушылық танытып жатқанына қуаныштымыз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05