Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастарға жүргізуші куәліктері берілген
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, медициналық тұрғыдан көлік жүргізуіне болмайтын 89 адамға жүргізуші куәліктері берілген. Мұндай заңбұзушылықтарды аудандық прокуратура қызметкерлері анықтады. Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына тексеру жүргізген қадағалау органы өкілдері психикалық және мінез-құлық ауытқуы бар адамдардың көлікке отыруы өзіне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіретінін айтады.
Ақжол Сейдуллаев, Сарыағаш аудандық прокуратурасының прокуроры:
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттармен аталған тұлғалардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды. Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17