СҚО-да өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Смирново ауылында жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы барды. Өрт сөндіру депосы аталған ауыл мен ауданның 28 елді мекеніндегі 17 мыңнан аса тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңғырту аясында бөлімге жаңа техникалар берілді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу мұнарасы мен футбол алаңы салынды.
Асхат Бейсенбаев, Аққайың ауданы ТЖБ №9 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:
Ғимарат 1966 жылы салынған. Біз әр жыл сайын жөндеу жұмыстарын жасайтынбыз. Күрделі жаңғырту биыл сәуір айында басталды. Қазір өрт сөндіру депосында газ-түтіннен қорғау бекеті, заманауи оқу сыныбы, диспетчерлік пункт, демалыс және жеке құрамды даярлау бөлмелері, сондай-ақ өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықтарды сақтау аймақтары бар. Бәрі ойымыздан шығады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17