Жетісу облысында егін орағы басталды
Орақты ерте бастаған өңірлердің бірі – Жетісу облысы. Өңірде 173 мың гектар жерге дәнді дақыл себілген еді. Биылғы көктем жауын-шашынды болып, егін бітік шықты. Диқандар гектарына 20-25 центнерден өнім аламыз деп болжап отыр. Қазірге дейін 27 мың гектар алқап орылып, орташа өнімділік гектарына 18 центнерге жетті. Ендігі негізгі міндет – қолдағы мол өнімді қысқа мерзімде ысырапсыз жинап, қамбаға құю. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аграрлық сектордың тұрақты дамуына да ықпал етеді.
Ермек Қалиев, шаруа қожалығының басшысы:
Биыл егін жақсы шығып жатыр. Әрбір гектардан түсімі 2 тоннадан кем емес, 20 центнер гектарынан. 20,25, 30 центнерге дейін берген егістіктер бар.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17