Жыл басынан бері 5 адам денге безгегін жұқтырды
Жыл басынан бері ел ішінде 5 адамнан денге вирусы анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше, олар қауіпті індетті шетелден жұқтырып келген. Денге безгегі адамнан адамға жұқпайды. Бұл вирус тек Азия мен Африка елдерінде кездесетін «эдес» деп аталатын масадан таралады. Індеттің белгілері әдетте бірден байқалмаса да бір аптадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, қызуы көтеріледі. Бұл ретте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығуды жоспарлап жүрген азаматтарды сақ болуға шақырады.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Туристік мақсатта ең негізгі көңіл бөлетін нәрсе – масалардан қорғану. Біріншіден, масаларды үркітетін репелленттер себу, сосын өзі тоқтаған қонақ үйлерге барған кезде масадан қорғайтын тор бар ма, оны да қарау керек. Сондай-ақ табиғат аясына шыққанда барынша ұзын жеңді киім киген дұрыс.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17